Облыс орталығында өткен мәдениет және өнер қызметкерлерінің «Рухани қазына -2022» атты фестивалінің қорытындысымен Сырым аудандық «Демалыс орталығы» мемлекеттік мекемесінің қызметкері Армат Алдамжаров "Үздік аудандық мәдениет қызметкері" атанды.
Армат Алдамжаров – Батыстың дәстүрлі ән мектебінің көрнекті өкілі, дәстүрлі әндерді орындаушы. Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының доценті, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сәуле Жанпейісовадан дәріс алған. Армат салған бірқатар әндер Qazaq Radiosy – ның «Алтын қорында» сақтаулы.
Ол 2009 жылдан Сырым ауданының мәдениеті саласында бері жемісті еңбек етуде. Шығармашылығында шырқау бар. Армат Алдамжаровты бүгінде өңір композитор деп таниды. 30-ға жуық ән авторының туындыларын үлкен сахналарда Тарас Жауынбаев, Еркін Өтегенов, Медет Оразов, Бекей Қанатов сияқты танымал әншілер орындап жүр.
Жерлесіміз байқаудың Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық кезеңіне облыстың атынан қатысады.
Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы
zhaikpress.kz