3.05.2022, 14:30
Оқылды: 49

Армат - "Үздік аудандық мәдениет қызметкері "

Облыс орталығында өткен мәдениет және өнер қызметкерлерінің «Рухани қазына -2022» атты фестивалінің қорытындысымен Сырым аудандық «Демалыс орталығы» мемлекеттік мекемесінің қызметкері Армат Алдамжаров "Үздік аудандық мәдениет қызметкері" атанды.

IMG-20220429-WA0267

Армат Алдамжаров – Батыстың дәстүрлі ән мектебінің көрнекті өкілі, дәстүрлі әндерді орындаушы. Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының доценті, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сәуле Жанпейісовадан дәріс алған. Армат салған бірқатар әндер Qazaq Radiosy – ның «Алтын қорында» сақтаулы.

Ол 2009 жылдан Сырым ауданының мәдениеті саласында бері жемісті еңбек етуде. Шығармашылығында шырқау бар. Армат Алдамжаровты бүгінде өңір композитор деп таниды. 30-ға жуық ән авторының туындыларын үлкен сахналарда Тарас Жауынбаев, Еркін Өтегенов,  Медет Оразов, Бекей Қанатов сияқты танымал әншілер орындап жүр.

IMG-20220429-WA0258

Жерлесіміз байқаудың Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық кезеңіне облыстың атынан қатысады.

Бауыржан Ширмединұлы 

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале