Көктемнің көңілге қуаныш сыйлар мерекелерінің бірі - 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні екені мәлім. Нәзік жандылардың төл мерекелерін атап өту дәстүрге айналған. Кеше С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени-демалыс орталығында ақ жаулықты әжелеріміз, асыл аналарымыз бен аруларымызға арналып мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Нәзік жандыларға арналған мерекелік бағдарлама алдымен қолөнер бұйымдары көрмесі мен галереяны тамашалаудан басталып, концерттік бағдарламамен жалғасты. Көрмеге ауданымызға белгілі суретшілер мен қолөнер шеберлерінің арнайы дайындаған туындылары қойылды.
Мереке қарсаңында ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Альберт Есалиев арнайы қатысып, нәзік жандыларға жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар арнайы құттықтаудан соң тыл, еңбек ардагерлері мен бірқатар аруларымызға аудан әкімінің арнайы сыйлықтары табысталды. Мерекелік кеш әсерлі әнмен әрленіп, күймен көмкеріліп, поэзиямен әспеттелді және ырғақты би де сахнадан көрініс тапты.
Мерекелік бағдарлама санитарлық талаптарды сақтай отырып, өткізілді.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz