30.09.2022, 17:15
Оқылды: 63

Архив және болашақ ұрпақ

Президенттің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 «Балалар жылын жариялау туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 наурыздағы №148 «Балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағалығымен өткен республикалық кеңесте "Архив және болашақ ұрпақ" республикалық жобасын ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік архивтерге тапсырған болатын.

архив

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде Тасқала мемлекеттік архивінде аудан әкімі орынбасары Т.Шакировтың қатысуымен ашық есік күні өтті.

«Ашық есік» күніне кіші Отан тарихын зерттеуге ынталы Сәулет МЛ, С.Жақсығұлов, Қ.Сәтбаев, Ы.Алтынсарин, Ақтау және Достық жалпы білім беретін мектептерінің 5-11 сынып оқушылары мен тарих пәнінің мұғалімдері және еңбек ардагерлері, бөлім басшылары, баспасөз өкілдері қатысты.

Архив директоры Д.Турганалиева шараның негізгі мақсаттарымен таныстырып, архив құжаттарын пайдалана және Қазақстанның кіші Отан тарихын зерттеуге балаларды кеңінен тарта отырып, іс-шаралар кешенін ұйымдастыру, ата-бабалардың тарихын, салт-дәстүрін зерттеуге тарту, Отанға, кіші Отанға деген патриоттық сезімді тәрбиелеу, аға буынның еңбек және жауынгерлік жолы мысалында ұрпақтар сабақтастығын сақтау, өскелең ұрпақты ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, архив қорын толықтыруға шақырды.

Л.Сабирова «архивист» мамандығының маңыздылығы және архив саласының имиджін арттыру мен қызығушылығын туғызу бағытында бұл мамандықтын тарихы мен жұмысын түсіндірді.

Архив құжаттарын насихаттау мақсатында С.Жақсығұлов, Т.Юсупов, Ө.Мырзағалиев, М.Қисанов және Мусиндер отбасылық жинағы жеке тектік қорлар бойынша көрме ұйымдастырылды. Барлық жеке қорлары бойынша слайд арқылы бейнебаян ұсынылды.

Ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазез оқушыларға кіші Отанын, өз тілін сүйіп, тарихын терен зерттеп, гылыми жобаларға қатысуға шақырды. Еңбек ардагері Р. Мусалимова және орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры А.Дуйсенова ауданымыздың құрметті азаматтары, қор иелері Қ.Қодаров, Ө.Мырзағалиевпен қызметтес болғандары туралы және олардың қызмет бабында адамгершілік қасиеттерін атап өтті.

Сәулет МЛ тарих пәнінің мұғалімі Н.Шапиков архивпен тапқан мәліметтермен бөлісіп, болашақта тығыз  байланыста болатынын айтты. С.Жақсығұлов атындағы мектеп директоры Г.Узакбаева мектепте өтетін іс-шараларға Батыр атамыздың жеке тектік қоры жиі пайдаланатыны туралы айтып, архив қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

Шара соңында Ы.Алтынсарин орта мектебінің тарих пәні мұғалімі С.Ахметов интеллектуалды ойын ұйымдастырды.

 Л.Сабирова,

аудандық архивінің архивисі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале