16.11.2020, 15:45
Оқылды: 16

«Асфа» ЖШС 50 дана газетке жазылды

2021 жылдың бірінші жартыжылдығына Бәйтерек аудандық "Ауыл тынысы" газетіне жазылу жалғасуда. Жазылым редакция ұсынған форматтарда өтуде. Бірі "Қазпошта" бөлімшелері арқылы, бірі облыс орталығындағы «Информбиржа» дүңгіршегі арқылы жазылса, енді біреулері редакцияға келіп тікелей жазылуда.

E12F2C02-CAC2-464E-8B20-B08D7395455B

Аудандық газетке тек жеке тұлғалар ғана емес, ұжымдар да жазыла бастады. Алғашқылардың бірі болып Иван Иванович Енютин басқаратын «Асфа» ЖШС газеттің 50 данасын жаздырды. Бұған дейін 20 дана жаздырып келген еңбек ұжымы аудан үнпарағының 80 жылдығына орай бірден 30 дана қосып, газетке үлкен қолдау көрсетті.

Көп жылдар бойы «Ауыл тынысы» газетін үзбей жаздырып келе жатқан «Асфа» ұжымы басылымға деген қолдауын көрсете бермек ниетте.

Николай Берендяев,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале