13.07.2024, 10:25
Оқылды: 127

Асфальт төселіп, жұмыс аяқталды

Тау ауылының кіреберіс, ұзындығы 5,7 шақырымды құрайтын автомобиль жолына асфальт жабыны төселіп, іргелері реттеліп, жұмыстары аяқталды. Жәнібек ауданы әкімі Тимур Шиниязов аталған ауылға барып, атқарылған жұмыстарды көріп, оң бағасын берді. 

image-12-07-24-09-05-4

Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Рустам Аманғалиевтің айтуынша, асфальт төсеу жұмыстарын «Қызылорда жолдары» ЖШС-і атқарған. Техникалық қадағалауды «ҚостанайСпецСтрой» ЖШС-і жүргізсе, авторлық қадағалауды «Уралводпроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарды. Жобаның жалпы құны 793 млн 219 мың теңгені құрайды. Жергілікті жерден 3 адам жұмысқа қабылданып, олар жұмыстарын абыроймен атқарған.

InShot_20240713_095544714

Р.Аманғалиевтің сөзіне сүйенсек, жақын арада жол белгілері орнатылатын болады.

Енді таулықтардың күз, қыс айларында орталықпен қатынасы еш кедергісіз болатын болды.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале