10.05.2024, 12:15
Оқылды: 29

Ашық чемионатта жүлдеге ие болды

Оралда садақ атудан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дәстүрлі ашық қала чемпионаты өтті.

Әдемі

Жарыста Шыңғырлау ауданы Тасмола мектебінің «Дала қырандары» командасының 9 садақшысы аудан намысын қорғап, тәжірибе жинап қайтты.

Чемпионат нәтижесінде 10-12 жастағы қыздар арасында «Жамбы» нысанасы бойынша дәстүрлі садақ атудан ашық қала чемпионатына алғаш қатысқан Әдемі Филанова жүлделі ІІІ орынға қол жеткізді.

Мектеп оқушыларының облыстық жарысқа қатысуына қолдау көрсеткен ауыл азаматтары «Асқар» ШҚ жетекшісі Асқат Асқарұлы мен «Диас» ШҚ жетекшісі Азамат Дәулеткелдіұлы сынды ел азаматтарына ақбұлақтықтар дән риза.

Садақшы қыздардың жаттықтырушысы - Бекболат Елубайұлы.

 Назым Айқын,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале