5.08.2022, 12:45
Оқылды: 35

Ашық есік күні өтті

Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында 5-тамыз медиация күніне орай «Ашық есік күні» республикалық акциясы өтті.

7

«Ашық есік күні» республикалық акциясы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарын және қызметі қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті қамтамасыз етумен байланысты мүдделі уәкілетті  тұлғаларды бір ортақ алаңға шоғырландыру мақсатында ұйымдастырылды.

9

Акцияға аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық сот төрағасы Сабыржан Есжанов, аудан прокуроры Ғалымбек Мұхитов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдос Ғайнеден, ауданымыздың қоғамдық медиаторлары Рая Апахаева, Шахидолла Абуғалиев, аудандық билер кеңесінің төрағасы Ғайниет Валиев және медиация саласы бойынша аудандық қоғамдық медиатор Анаргүл Ишанова қатысты.

8

Шараға келген ауыл тұрғындары сот төрағасынан кеңес алып, екі адам тұрғын үй мәселесі бойынша, бір тұрғын отбасы мәселесі бойынша, бір адам Рая Апахаеваға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале