Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығының фойесінде ашық есік күні өтті.
Аудан тұрғындарын қабылдауға аудан әкімі Дархан Закарин, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қажиев және аудандық құрылымдық дербес бөлім басшылары келді. Келушілердің дені аудан әкіміне жолықты. Кәмшат Гумарова, Болғанай Кенжеғалиева, Дина Қуанышқалиева тұрғын үй жөнінде, Гүлжамал Көшекова жұмыс мәселесі, Анаргүл Бекқалиева №3 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы шағын орталықтың жабылуына байланысты, Тұрсын Кенжеғалиева жек мәселемен келсе Шұға Сисенова келініне жұмыс сұрай келді.
Жұмыс және тұрғын үй туралы тұрғындардың арыз-шағымдары тыңдалды.
Аудан тұрғындары көкейтесті сұрақтары бойынша басшылармен жеке-дара сөйлесуге мүмкіндік алып, олардың жауаптарына қанағаттанды.
Сонымен қатар, қандайда бір тілек-өтініштерін айта келгендердің де талаптары ескеріліп, көтерген мәселелері назарға алынды және әрі қарай жұмыстану үшін бөлім басшыларына тапсырылды.
Райхан Хамзина,
Жаңақала ауданы,
zhaikpress.kz