7.07.2022, 11:45
Оқылды: 40

Астана күні аталып өтілді

Казталов ауданы орталығындағы С.Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығы ұжымының ұйымдастыруымен «Достық» саябағында ашық аспан астында «Жайнай бер, жайна - Астана» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

20220706162615_IMG_3980

Елорда күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шараға Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов қатысып, ауыл тұрғындарын Елорда күнімен құттықтады.

Ол өз құттықтауында бас қаламыз Нұр-Сұлтан қаласының даму тарихы мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші рөл атқаратын ерекше стратегиялық маңызы бар қала екенін атап өтті.

Ашық аспан астындағы кеште ауданымыздың белгілі мәдениет майталмандары Нәрік Дүйсенов, Қайрат Абдулов, Аягүл Шоқпанова, Балғаным Губашева, Оралхан Ерғалиев, Динара Аубекерова, Ботагөз Мақатова, Абай Мақсотов, Еділ Мақсотов және Алтынбек Ерғалиев өнер көрсетті.

-Еліміздің астанасы күніне арналған концерт көңілімізден шықты. Ауданымызға белгілі мәдениет саласының өнерпаздары халықты әсем әндерімен сусындатып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Халықтың еңсесі тіктеп, патриоттық, махаббат пен сүйіспеншілікке толы әндер көңіліміздің серпілткені жасырын емес. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Елорда күні құтты болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш боп, егемендігіміз асқақтай берсін, - деді еңбек ардагері Уәлиолла Әбішев.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале