17.07.2017, 18:08
Оқылды: 72

Астанада атой салғандар

Terekti sambo   Елордамызда «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі шеңберінде самбодан ҚР Президентінің жүлдесі үшін әлем кубогі кезеңі өтті.

   Аталмыш додада теректілік палуандар облыс намысын қорғап, абыройымызды арттырды. Әскери самбодан 62 кг салмақ дәрежесінде Қазбек Сұпығалиев ешкімге дес бермей, чемпион атанды. Сонымен бірге, 82 кг салмақ дәрежесінде тағы бір жерлесіміз Темірлан Ихсанғалиевке тең келер палуан болмады.


     Сондай-ақ самбодан 57 кг салмақта Сырым Мейірманов финалға дейін жақсы күресіп, соңғы бәсекеде әлем чемпионы Бейімбет Қанжановқа ғана есе жіберді. Болашағынан зор үміт күттірер Нұрбол Серіков 68 кг салмақта күміспен күптелсе, Бағдат Жарылғасов үшінші орынға көтерілді. Оған қоса Болатбек Райымқұлов (52 кг) пен Темірлан Көлбай (100 кг) қола жүлдеге ие болды.

Әділет ЗЕРЕ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале