6.07.2023, 18:56
Оқылды: 49

Астананың ажары - жастар

Елорда мен жастардың ұқсастығы көп. Екеуі де албырт, сымбатты, жетілу үстінде. Азаматтық белсенділіктері зор, тұлға ретінде дамуда. Бір сөзбен айтқанда, олардың болашақтары жарқын.

IMG-20230706-WA0036

Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиевтің бәйтеректік жастармен еркін форматта өткен кездесуі кезінде осы жайттар кеңінен сөз болды. Астана күніне орай аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырған іс-шараға ауданның 30-дан аса жасы қатысты.

Ерлан Ерсайынұлы жиналған жастарға еліміздің орталығындағы шағын қаладан қалай алып шаһарға айналғаны туралы айтып, елорда – жас қала болса да екпінмен дамып жатқан шаһар жиырма бес жылда адам танымастай өзгергеніне тоқталды.  Мегаполиске қоныс аударып жатқандардың дені жастар екенін баяндап, Астананың ажары жастардың бет-бейнесі мен өмір салтымен тығыз байланысты екенін атап өтті.

IMG-20230706-WA0035

Жалпы кездесу барысында қазіргі таңдағы еліміздегі өзекті мәселелер, жастардың көкейінде жүрген сұрақтар талқыланып, жазғы уақытта аудан жастарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткізілетін іс-шаралар туралы ұсыныстар айтылды.

Кездесу соңында белсенді жастарға, олардың ата-аналарына алғыс хаттар пен естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

 

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале