22.02.2022, 12:00
Оқылды: 15

Асық атып жарысты

 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қазақ қоғамын дүр сілкіндіргені рас. Өшкенімізді жаңғыртып, тарихымыз бен салт-дәстүрімізге деген көзқарасымызды өзгертуге сеп болған мақалада көрсетілген міндеттерді орындау – заман талабы.

FB_IMG_1645507981190

Жуырда аталған мақала аясында Бәйтерек аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі асық атудан аудан чемпионатын ұйымдастырды. Ұлттық спортты дәріптеп, асық ойынына деген қызығушылықты арттыру мақсатында өткен сайысқа 2009-2011 және 2012-2014 жылдар аралығында туған жеткіншектер мен қыздар қатысты.

FB_IMG_1645507991569

Қызықты жарыс қорытындысында жалпыкомандалық үшінші орын Талғат Бегилдинов атындағы мектеп командасына, екінші орын Егіндібұлақ мектебінің командасына бұйырса, бірінші орынды Жамбыл негізгі мектебінің намысын қорғаған қыз-жігіттер жеңіп алды.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале