15.06.2022, 15:30
Оқылды: 53

Асыл мал саны артуда

1 мамырдағы жағдай бойынша Бәйтерек ауданында 48,6 мың бас ірі қара, 78,8 бас қой-ешкі, 7,5 мың жылқы, 12 мыңдай шошқа, 13 бас түйе, 855,8 мыңдай құс тіркелген. Соның ішінде асыл тұқымды мал санына тоқталар болсақ, ірі қараның - 5071, жылқының - 37, қойдың 1429-ы басы асыл малдар санатында.

WhatsApp Image 2022-06-15 at 14.47.44

-Бүгінгі таңда агроөнеркәсіп кешенінің алдында тұрған басты міндеттің бірі – ішкі нарықты мал өнімдерімен қамту. Бұл бағытта ішкі нарықтағы сұраныстың өсуіне орай, оны қанағаттандыру мақсатында қолдағы малдың өнімділігін артыру үшін асылдандыру шараларын жүргізген жөн. Соған орай ауданда осынау іске де аса назар аударылып отыр. Қазір бізде 43 асыл тұқымды шаруашылық бар. Оның 33-і етті, 5-еуі сүтті бағыттарда болса, 1-уі жылқы, 4-уі қой өсіреді. Олардың бәрі отандық және шетелдік аталық малды пайдалану арқылы қолдан ұрықтандыру жолымен табындардың сапалық құрамдарын жақсартуда. Шаруашалықтарда зоотехникалық және асыл тұқымдық есеп жүргізу жолға қойылған. Бәрі де ҚР ақпараттық-талдамалы жүйесіне (ИАС) қосылған. Былтыр біздің шаруалар асыл тұқымды 709 ірі қара, 116 ұсақ мал, 15 жылқы алса, биылғы бес айда жеткізілген ірі қараның өзі 220 басқа жетті. "Yanaikino" мал бордақылау кешені жұмыс істеп тұр. Бес ай ішінде ауданда 6293,5 тонна ет, 8175,9 тонна сүт, 22754,5 дана жұмыртқа өндірілді,- деді Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Бәйменов ӨКҚ алаңындағы брифингте.

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале