5.11.2021, 15:49
Оқылды: 77

Ат спорты турнирінде

Өткен айдың соңғы күндерінде Шыңғырлау ауданында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және ауыл шаруашылық күніне орай ұлттық ат спорты түрлерінен облыстық турнир өтті. Аталған жарысқа Теректі, Шыңғырлау, Ақжайық аудандарынан және Орал қаласынан командалар қатысты.

IMG_6058

Екі күнге созылған турнир қортындысы бойынша аударыспақтан 70 келіге дейін салмақ дәрежесінде Әділ Онғарбай (Чапаев), 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Эльдар Русланов (Көнеккеткен) ІІ орынға ие болды. Ал алдына жан салмаған аудан көкпаршылары жеңімпаз танылып,  «Үздік ойыншы» аталымымен Сұңғат Рсалиев (Ілбішін) марапатталды.

Аида Асылбек,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале