20.10.2023, 16:37
Оқылды: 27

Ата-аналар арасында аудандық ашық турнир басталды

Бүгін Жәнібек ауданына іс-тәжірибе алмасу мақсатында Оралдан Назарбаев зияткерлік мектебі мен Білім инновация лицейінің өкілдері келді. Олар «Жәнібек» спорт клубында өтетін ата-аналар арасындағы волейболдан аудандық ашық турнирге қатысады.

1 (1)

Жарыстың ашылуында аудандық «Ақмаржан» халықтық би ансамблі мың бұрала билеп, турнирдің ашылуын нұрландыра түсті.

Аудан әкімі Тимур Шиниязов құттықтау сөз сөйлеп, ержүрек батырларды туғызған қасиетті де киелі Ғұмар еліне қош келдіңіздер айтып, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор екенін атап өтті.

1 (2)

Сонымен қатар аудан басшысы қазақы дәстүрге сай спорт ардагері Қамбар Сәлімовке шапан жауып, қатысушы командаларға кәдесый табыстады.

Жарысқа алты, яғни Назарбаев зияткерлік мектебі, Білім инновация лицейі, Т.Жароков атындағы орта мектебі, №1 мектеп-лицейі, А.Оразбаева атындағы негізгі мектептерінің ата-аналарынан құрылған командалар мен аудан әкімдігі командасы қатысып жатыр.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале