27.02.2017, 15:35
Оқылды: 43

Атақтарын абыроймен қорғады

Теректі аудандық «Жұлдыз» үлгілі би ансамблі мен «Теректиночка» халықтық вокалдық ансамблі өздеріне берілген атақты тағы бір мәрте қорғап шықты.


Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Медхат Қамбетов бастаған білікті мамандар екі ұжымның өнеріне жоғары баға беріп, жаңа жетістіктер тіледі.

Айта кетейік, Ақсоғым ауылындағы «Ақ отау» әжелер ансамблі(жетекшісі Алмагүл Арыстанова), «Өркен» балалар вокалдық ансамблі мен «Шежіре» әжелер ансамблі(қос ұжым жетекшісі Гүлназ Құсайынова) және аудандық мәдени-демалыс орталығы жанынан құрылған «Дат» театры(режиссері Жамбыл Заев) «үлгілі» және «халықтық» атағын иелену үшін өтініш тапсырды.

 

Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале