30.11.2017, 14:39
Оқылды: 69

Атамекен ауылының 85 жылдығы атап өтілді

Бүгін Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округіне қарасты Атамекен ауылының 85 жылдығына орай жерлестер форумы өтуде.

Айта кетейік, аталмыш шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Туғар жер» бағдарламасы аясында ұйымдастырылуда.

Алдымен ауылдық округ әкімі Е.Төлепқалиев бастаған ауыл көркемөнерпаздары мен ел ағалары қазақи дәстүрмен қонақтарды қарсы алды.Меймандар ауылдық фельдшерлік амбулаторияда болып, мекеменің тыныс тіршілігімен танысты.

Жиын Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарға арналған ескерткіштен бастау алды. Бабалар рухына тағзым еткен атамекендіктер жерлестерін бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.

Аудан әкімі С.Әлиев пен ауылдық округ әкімі Е.Төлепкалиев сөз сөйлеп жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады.

Одан әрі мерекелік бас қосу «Совхоз» орта мектебінде жалғасып,  қонақтар білім ордасының мұражайын аралады. Жиында сыр-сұхбат өткізіліп, тұрғындар ауылдың тыныс-тіршілігі мен тарихынан сыр шертті.

Динара Насыр,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале