30.01.2019, 11:43
Оқылды: 20

«Атамекен» кіші бағдарламасы аясында 16 меценаттық жоба іске асқан

         Жаңақала ауданы әкімінің есеп беру жиынына келген облыс басшысының бірінші орынбасары Ғали Есқалиев аудан орталығындағы рухани жаңғыру орталығы, балалар кітапханасының, жастар орталығының жұмысымен танысты.

janaqala (6)

Айта кетейік, аудандағы жалпы халық санының 24,3 пайызын жастар құрайды. Өткен жылы ауданға қызмет етуге келген 30 жас маманға 5 млн. теңгенің көтерме ақысы төленген. Ал 25 жас маман тұрғын үй алу үшін 79,3 млн. теңге несиеге қол жеткізген. Сонымен бірге аудан орталығы Жаңақала ауылында жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін «Самғау» коворкинг орталығы ашылып, «Жастар» спорт клубы жұмысын бастаған.

Ауданда Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар»және«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларындағы қозғалған түйіткіл төңірегінде де бір қатар игі іс атқарылуда.

        «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданда 312 іс-шара ұйымдастырылып, ақпарат құралдарында 296 ақпараттық материалдар жарияланыпты.«Атамекен» кіші бағдарламасы аясында жоспарланған 16 меценаттық жобаның барлығы да іске асырылған. Меценаттық жобалардың жалпы құны – 19,2 млн. теңгені құрады. Ал «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылған атқа міну мәдениетін жетілдіру мақсатында аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жанынан ат спорты бөлімі ашылған.

janaqala (3) janaqala (4)

Нұрбек Оразаев,

сурет Темірболат Тоқмамбетов

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале