Өткен аптада М-С. Бабажанов атындағы мектептің оқушылары қазақ халқының атбегілік өнері туралы кеңінен мағлұмат алып қана қоймай, жаңадан ашылған ат спорты мектебінің жұмыс барысымен танысуға мүмкіндік алды.
Ат спорты мектебінің бапкері білімпаз шәкірттерге жеті қазынаның бірі саналатын жылқы жануарының күтімі жайлы кеңінен түсіндіріп, адамның денсаулығына тигізер пайдасын да айтып берді. Сондай-ақ, ат әбзелдері, атқа міну, атты дұрыс басқару т.б атқа мінуші білуі тиіс қауіпсіздік ережелерін қаперлеріне берді.
Айта кетелік, аталмыш шара – аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың бастамасы. Алдағы уақытта да жас өрендердің ұлттық спортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында танымдық экскурсияларды өткізбек ниетте.
Арайлым Есмағұл,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz