3.02.2021, 17:21
Оқылды: 68

Атбегілік өнермен танысты

Өткен аптада М-С. Бабажанов атындағы мектептің оқушылары қазақ халқының атбегілік өнері туралы кеңінен мағлұмат алып  қана қоймай, жаңадан ашылған ат спорты мектебінің жұмыс барысымен танысуға мүмкіндік алды.

0402C9CB-DD90-4882-AF7D-FAE05E5F7D48

     Ат спорты мектебінің бапкері білімпаз шәкірттерге жеті қазынаның бірі саналатын жылқы жануарының күтімі жайлы кеңінен түсіндіріп, адамның денсаулығына тигізер пайдасын да айтып берді. Сондай-ақ, ат әбзелдері, атқа міну, атты дұрыс басқару т.б атқа мінуші білуі тиіс қауіпсіздік ережелерін қаперлеріне берді.

   Айта кетелік, аталмыш шара – аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың бастамасы. Алдағы уақытта да жас өрендердің ұлттық спортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында танымдық экскурсияларды өткізбек ниетте.

Арайлым Есмағұл,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале