6.10.2024, 10:30
Оқылды: 53

«Атом электр станциясы – еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған ауқымды жоба» – тұрғын

Шалқар ауылдық округіне қарасты Дуана ауылында орналасқан №398 референдум учаскесінде дауыс саны дәл қазір отыздан асты. Бұл хақында аталмыш учаске төрағасы Балкенже Рахымжанова хабарлады.

IMG-20241006-WA0113

– №398 учаскесінде барлығы 81адам тіркелді. Оның ішінде үйден дауыс берушілердің саны – 8.

Светлана Лұқпанова, Жаңылғаным Батырова сынды зейнеткерлеріміз ерте келді. Сонымен қатар Ерұлан Елеуов те таңмен таласа өз дауысын беріп, белсенділік танытты, - дейді учаске төрағасы.

Ал Ерұлан Елеуов болса, әр азаматтың референдумға қатысуы маңызды екенін тілге тиек қылды.

— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында атом электр станциясын салу мәселесі жалпыұлттық референдум арқылы шешілетінін атап өтті. Бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының айқын көрінісі. Біз экономикалық жеңіске ғана емес, энергетикалық тәуелсіздікке де қол жеткіземіз, сондықтан барлық қазақстандықтардың азаматтық ұстанымын көрсетуі маңызды.

Жалпы атом электр станциясының құрылысы – еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған ауқымды жобаның бірі. Атом энергетикасының дамуымен бірге өндірістік әлеуетті де арттыра аламыз.

Сондықтан әрбір азаматтың референдумға қатысуы маңызды. Бұл экономикалық белсенділікті қолдауға және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам, - деді өз сөзінде.

Самал Жамет

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале