Жәнібек ауданы әкімі Тимур Шиниязов, ауыл әкімі Абзал Қаратаев, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрсұлтан Серік аудандағы халыққа қызмет көрсету орталығына барды.
Бөлім басшысы Райгүл Шагирова жұмыс барысымен таныстырып, мамандардың атқаратын қызметіне тоқталды.
Тез әрі сапалы тұрғындарға қызмет көрсетіп жатқан жұмыс орталығына жөндеу керегін де айта кеткен жөн.
Халықпен тығыз байланыста болып, дәл осы бағыттан таймау үшін орталықтың заманауи жабдықталғаны маңызды. Аудан басшысы барлық жұмыс пен мәселеге қанығып, тұрақты мекен жайға тіркелді.
Ақтілек Әлібекұлы,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz