1.06.2022, 14:30
Оқылды: 63

Аудан әкімдігіндегі жиын

Жәнібек ауданы әкімдігінде жиын өтіп, оған ауылдық округтердің әкімдері мен дербес бөлімдердің басшылары, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы қатысты. Жиынды ашқан аудан әкімі Азамат Сафималиев Борсы ауылдық округінің бұрынғы әкімі Айгүл Бекқалиеваның сегіз жыл ауыл әкімі лауазымында болған кезінде тындырған игі істеріне кеңінен тоқталып, қызметін абыроймен атқарғаны үшін ризашылығын білдірді. Алғысхатпен марапаттап, гүл шоғы мен бағалы сыйлық табыс етті.

IMG_3499

Өз кезегінде Айгүл Қайырлықызы мектеп бітіргеннен кейін алғашқы еңбек жолын тракторшы болып бастап, кейін қызмет баспалдағымен аталған ауылдық округ әкімі аппаратында жетекші маман, бас маман, ауылдық округ әкімі қызметін атқарғанын айтып, еңбегін елеп, ескерген аудан әкіміне, бірге қызметтес болған әріптестері мен бөлім басшыларына алғысын білдірді. Сонымен бірге жуырда Борсы ауылдық округінің әкімі болып сайланған жас маман әрі шәкірті Зинхар Бақтығалиев пен Жақсыбай ауылдық округінің әкімі лауазымына қайтадан сайланған Алмат Қаратаевтың алдағы қызметтеріне табыс тіледі.

Бұдан кейін Азамат Сафималиұлы алда өтетін референдумды халықтың қолдап отырғанына, сондықтан тұрғындардың, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың референдум учаскелеріне келіп дауыс берулеріне бар мүмкіндікті жасау керектігіне жиынға қатысушылардың назарын аударды. Референдумға байқаушылардың келетіндігін, жергілікті жерден мобильдік топ құру керектігін, алғашқы және жасы үлкен дауыс берушілердің ескерусіз қалмау қажеттігін, дауыс беретін күні концерт ұйымдастыруды да назардан тыс қалдырмауды мүдделі ұйым басшыларына ықтияттап тапсырды.

А.Есіркепов,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале