9.12.2021, 11:50
Оқылды: 78

Аудан әкімі ақсақалдармен жүздесті

Теректі ауданы әкімі Тілек Габдушев бір топ ақсалдармен кездесті. Жүздесу барысында аудан басшысы бірнеше жобаны қолға алғанын, соның ішінде жер асты суларын игеру, су жіберу амалдарын қарастырып жатқандығын және жол жөндеу құрылыстары да басты назарда екендігін  тілге тиек етті. Ауылдық округтерден жиналған жиырмаға тарта қария жаңа басшыға ауылдарын таныстырып, өзекті мәселелерімен бөлісті.

14

Теректі ауданының құрметті азаматы А.Попов ауыз су мәселесін қозғаса, аудан халқының көп шоғырланған аймағы Подстепный ауылдық округінен келген ақсақалдар көшелерді жарықтандыру мен қаңғыбас иттердің көптігіне  алаңдайтынын жеткізді.

18

— Жасыратыны жоқ бұралқы иттер күллі ауылдың өзекті мәселесі болып отыр. Ауданымызда да көше бойында иттер қаптап жүр. Оларды не атуға, не өлтіріп тастауға болмайды. Арнайы мамандарға табыстау қажет. Сондай-ақ ит иелеріне түсіндірме жұмыстарын дұрыстап жүргізу керек. Себебі, күшік кезінде алып, үлкейгеннен кейін қаңғытып жіберіп отыр. Ол иттердің адамға шабуы да ықтимал. Бұл қоғам үшін өте қауіпті,—деп жауап берді Тілек Александрұлы.

19

Ақсуат ауылының тұрғыны Қ.Ғайсиұлы да ішкі жолдарды асфальттау мен қоқыс төгетін орынды ауылдан алыс орналастыруды сұрады. Аңқатылық С.Тұралиев пен шалқарлық Е.Қонқашевтар  Шалқар көлін сақтап қалудың амалын ойластыру қажет екенін айтты. Сонымен қатар Е.Мақсотұлы  су мәселесіне салғырт қарамауды ескертті. Сондай-ақ жиында ауылдарға жас мамандарды тарту жайы да сөз болды.

15

 

Аудан әкімі көтерілген мәселелер жауапсыз қалмайтынын, болашақта тағы жүздесу болатынын айтты. Кездесу Серікқали Жанбозұлының ақ бата беруімен тәмәмдалды.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале