Бүгін елімізде өтіп жатқан Құрылтай сайлауына Жәнібек ауданының әкімі Тимур Шиниязов қатысып, өз таңдауын жасады.

Аудан әкімі №136 сайлау учаскесіне келіп, дауыс беру рәсіміне қатысу арқылы елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды науқаннан тыс қалмай, азаматтық ұстанымын білдірді.
№136 сайлау учаскесінде дауыс беру үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Учаске жұмысы белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, сайлаушылардың өз таңдауын еркін білдіруіне мүмкіндік берілген.

– Бүгінгі сайлау – ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын жауапты кезең. Әр азамат өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, таңдауын жасауы маңызды. Барша жерлестерімді сайлауға белсенді қатысуға шақырамын, – деді аудан әкімі.
Айта кетейік, ауданда сайлаушылардың дауыс беруі үшін 19 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.
Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы