1.03.2017, 16:51
Оқылды: 67

Аудан әкімі өнерпаздарға алғыс айтты

Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиев, аудан әкімінің орынбасары Люция Жұбанышқалиева, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Бақтығұл Тасмағамбетовтер «Ақ тілеу» әжелер ансамбілі мен «Надежда» фольклорлық ансамблінің шаңырағында қонақта болды.


Дастархан басында өрбіген емен-жарқын әңгіме барысында Санжар Жұматайұлы биыл «Ақ тілеудің» құрылғанына 30 жыл, «Надежданың» құрылғанына 8 жыл толатындығын атап өтіп, қос өнер ұжымына үлкен шығармашылық табыс тіледі.

- Сіздердің ұжымдарыңызға жаңа киім тіктіруге қаражат қаралды. Ол 9 наурызда өтетін аудандық мәслихаттың сессиясында бекітіледі. Мерейтойларыңызды да кеңінен тойлауға белсенді түрде ат салысамыз, – деді С.Әлиев.

Кездесуде сөз алған аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Жанар Бисенғалиева биыл 5 өнер ұжымына жаңа сахналық киімдер тіктіруге қаржы бөлінгендігін айтып, өнерге қамқорлығы үшін аудан басшысына алғысын білдірді.

Жылышырайлы кездесу соңында ақ жаулықты әжелер қонақтарға ақ батасын берді.

Т.ҒАБДІРЕШҰЛЫ,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале