Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өміралиев Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебінде ұстаздармен кездесті.
Жиынды ашқан аудандық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Есенов жалпы білім саласы бойынша атқарылып келген жұмыстарды қысқаша баяндап, оқушылар мен ұстаздардың қол жеткізген жетістіктеріне де тоқталды.
Сондай-ақ ұстаздар аудан әкіміне өздерінің көкейлерінде жүрген ойларын айтып және бірнеше мәселеy3 шешуге ықпал жасауды сұрады. Нақтырақ айтқанда, Шыңғырлау мектебі алдына және «Болашақ» бөбек жайының маңына автотұрақ салу мәселесі, М.Өтемісов көшесіндегі балалар ойын алаңын заңдастыру, екі қабатты ескі дәріхана нысанының жағдайын қарау сынды мәселелерді әкім назарына жеткізді.
Ұсыныстар мен өтініштердің аяқсыз қалмайтындығын айтып, аудан әкімі бірге жұмыстануға шақырды.
Айсұлу Мұса,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz