Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова жас спортшыларды қабылдады.
Күні кеше Жаңаөзен қаласында өткен грек-рим күресінен теректілік жеткіншектер жүлделі оралды. Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Айдын Сүлеймановтың жарысқа баптап апарған 3 спортшысы жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтар болсақ, Мерлан Ерболат пен Арнұр Ұзақбай I орын, Арлан Аманқұл II орын тұғырынан көрінді.
Жас спортшылармен жүздескен аудан басшысы Әлия Биғазықызы балуандарға ақ тілегін білдіріп, естелік сыйлық табыс етті.
Балнұр Қанаева