8.11.2023, 18:00
Оқылды: 36

Аудан әкіміне тиісті куәлік табыс етілді

Бөкей ордасы ауданында актив жиыны өтті.

аким

Күн тәртібінде 2023 жылы 5 қарашада өткен сайлау қорытындысы бойынша активке жаңадан сайланған аудан әкімі таныстырылды.

аким-1

Жиынға аумақтық сайлау учаскелерінің төрағалары, мекеме, бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Облыс әкімінің өкімімен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 9-тармақшасына, 113-11- бабының 1- тармағы және 2023 жылғы 5 қарашада болған әкім сайлауының қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамалары негізінде Бөкей ордасы аудандық-аумақтық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының әкімі болып Нұрлыбек Даумов сайланды.

Осыған орай аудандық-аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұркен Сабиров аудан әкіміне тиісті куәлігін табыс етті.

Содан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков аудан жұртшының атынан сөз сөйлеп, халық таңдаған аудан әкімін құттықтап, ризашылығын білдірді.
- Нұрлыбек Жасқайратұлы кешегі өткен дүбірлі додада жеткен жеңісіңізбен құттықтаймын! Әкім болу оңай шаруа емес. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін. Бақыттың бақшасына баратын адам, халықтың алғысына семіреді. Әріптестеріңізбен бірге бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесіңізді қосыңыз, – деді Тілеген Керейұлы.
Одан әрі аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева да жылы лебізін айтып, сәттілік тіледі. Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов актив алдында өзіне артылған қызметке жауапкершілікпен кірісетінін атап өтті.

Ақсәуле Хамзина​,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале