Аудан әкімінің орынбасары Саягүл Галиева іссапармен Атамекен ауылында болып, әлеуметтік нысандарды аралап көрді. Алдымен ауылдық кітапхана мен мәдениет үйінің жұмысымен танысқан ол, ғимарат айналасының тазалығы мен абаттандыру мәселесіне баса назар аударды.
Мектеп ұжымымен кездесіп, бала тәрбиесі, оқушылардың қауіпсіздігі, сондай-ақ, білім сапасына тоқталды. Балалардың жазғы демалысын оңтайлы ұйымдастыру керектігін де тілге тиек етті. Содан соң, ауылдық округ әкімі аппаратының кеңсесінде әкім аппараты, ақсақалдар мен аналар кеңесі төрағаларымен бас қосып, күн тәртібіндегі ауыл тазалығы, сенбіліктерді уақтылы ұйымдастыру, кеңестің жұмысын жандандыру, қолайсыз отбасылармен жұмыстануды тапсырды. Жиналғандарды баспасөзге бір кісідей жазылуға шақырды.
Мұндай кездесулер барлық округтерде өтетін болады.
Назгүл Серікқызы,
Тасқала ауданы,
zhaikpress.kz