Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсанов отбасымен және бір топ ауданның құрметті азаматтарымен бірге участелік бөлімге келіп, өз таңдауын жасады.
– Бүгін біздің мемлекетіміз үшін өте маңызды күн. Сондықтан, азаматтық парызымды орындап, еліміздің болашағы үшін аудан тұрғыны ретінде өз дауысымды бердім. Әр аудан тұрғыны бүгінгі сайлаудың маңызын түсініп, жауапкершілік танытып, еліміздің жарқын болашағы үшін өз таңдауын жасайды деп ойлаймын, - деді аудан басшысы.
Сәнім Меңдібай,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz