17.08.2023, 15:15
Оқылды: 25

Аудан бюджеті  нақтыланды

Шыңғырлау аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы оздырылды. Сессия отырысына аудан әкім Мұрат Өмірәлиев қатысты.

ЖП ақша

Сессияның күн тәртібінде ауданның 2023-2025 жылдарға арналған бюджетін бекіту және де экономикалық қаржылық жағдайы, бюджет қаражатына кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелер талқыланып, ортаға салынды.

Депутаттар алдында аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ернияз Мұратовтың есебі тыңдалып, әрбір салаға бөлінген қаражат депутаттармен нақтыланып, екшеленді.

Баяндамашыға сұрақтарын қойған аудандық мәслихат депутаты Сағын Қазиев ауылдық клубтардың жөндеу жұмысына және мәдениет саласындағы көркемөнерпаздар костюмдарына да қаражат қарастырылса десе, ал ақшаттықтар сайлаған депутат Жолдас Байқатов үш қабатты үй туралы айтып, тезірек бітірсе деген тілегін жеткізді. Сонымен қатар салынып жатқан жол мәселесіне қатысты да өз ой-пікірлерін сесиияға қатысушылармен бөлісті.

Бюджетке енгізілген өзгертулер туралы аудандық мәслихат төрағасы Сағидолла Тұрғалиев түсіндіріп берді.

Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев алдағы өтер аудандық сессияға бізден сайланған облыстық мәслихат депутатының да қатысып, ауданға қажетті  қаражат мәселесін облыс көлемінде шешуге ат салысуы қажеттігін айтты. Ақшат, Ащысай ауылдық мәдениет үйлері жөнделуі үшін де қаржы-сметалық құжаттары жасалғанымен, жөндеуге қаражат қарастыру керек деді.

Аудан әкімі сондай-ақ жол мәселесі күн тәртібінен әлі де түспейтіні анық, сол себепті депутаттар және белсенді азаматар жол салу үдерісін үнемі бақылап, бірге жұмыстануды қаперге салды. Сонымен қатар бір-бірімізді сынағаннан гөрі бірігіп іс қылу қажеттігін тағы ескертті. Ауданымыздың жанашыр азаматтары мен азаматшалары аудан үшін қолдан келген жақсы істерін көрсете білулері тіиіс. Осы орайда «Мектепке жол» акциясы және ауданымыздың 95 жылдық мерейтойына қомақты үлес қосып, ұйымшылдық пен кісілік көрсету парыз деді.

А. Арыстанова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале