5.12.2019, 15:47
Оқылды: 13

Аудан бюджеті талқыланды

Бөрлі ауданында аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXXIV сессиясы өтті.

 borli budjet

Сессияда  Бөрлі ауданыныңәкімі М.Сатканов, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

Бөрлі аудандық мәслихатыныңдепутатыН.Шиганакованың  төрағалығымен өткен бұл сессияда Бөрлі ауданы бюджетінің орындалуы қаралып, аудандық, Ақсай қаласы және ауылдық округтердің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттері нақтыланды.Аталған мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамғонова баянады.

Атап өтсек, Батыс Қазақстан облысының 2019 жылғы 30 қазандағы №14 ОБК хаттамасы негізінде игерілмеуіне байланысты Бөрлі ауданына Ақсай қаласындағы Қарашығанақ – 1 ықшамауданында 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үй салу үшін бөлінген 785084 мың теңгенің 393084 мың теңгесі қайтарылды.

Сонымен қатаразаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге – 131 369 мың теңгеқосымша бөлінді. Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен педагог психологтарының еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға– 90085 мың теңге қосымша бөлінді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 86620 мың теңге қосымша берілді. Және Бесағаш, Тихонов, Үспен, Киров ауылдарындағы бөгетті күрделі жөндеу жобасына қосымша қаржы бөлінген. Депутаттар бірауыздан қолдап, тиісті шешім қабылданды.

Одан әрі сессияда Ақсай қаласының әкімі А.Тугузбаевтың Ақсай қаласы аппаратының ағымдағы жылы атқарған жұмыстары туралыбаяндамасы тыңдалды.

Жарыссөзге мәслихат депутаттары М.Дияров, А.Агаев, А.Куликешев, Н.Шиганакова, Н.Молчановалар қатысты. Олар жарықтандыру, қоқыс, жолдар және «Наурыз» саябақтың  жөндеу мәселелерін көтерді. Аталған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары жұмыс топты құрып, объектілерге шығуға ұсыныс білдірді. Мәслихат шешімінде Ақсай қаласынының әкімі А.Тугузбаевқа  2020 жылға жоспарланған барлық іс-шаралар, соның ішінде Ақсай қаласының 5 және 10 шағынаудандардағы жол жөндеу жұмыстары ерекше бақылауға алу ұсынылды.

Бұдан соңаудан әкімдігінің дербес құрамынжәне Ақсай қаласында жер салығының мөлшерлемелерін бекітті.

Сонымен қатар тұрғын үй және әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді.

"Бөрлі жаршысы" ақпарат

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале