6.12.2023, 17:45
Оқылды: 14

Аудан еріктілері марапатталды

Халықаралық еріктілер күніне орай Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Орал студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен облыс еріктілеріне арналған «Үздік волонтер» сыйлығы табысталды.

PHOTO-2023-12-06-11-39-10

 Аталмыш шарада Жаңақала ауданының белсенді еріктілері, оқуда үздік, қоғамдық шараларға үнемі атсалысып жүрген Жаңақала колледжінің студенті Саят Тұяққалиев пен Жаңақала мектебінің 9-сынып оқушысы Айнара Тұрсынбай өңір басшысы Нариман Төреғалиевтің алғысхатымен марапатталды.

PHOTO-2023-12-06-11-38-59

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале