16.05.2023, 16:31
Оқылды: 23

Аудан орталығында шағын асхана ашылды

Бүгін Казталов ауданы орталығында шағын асхана ашылды. «Алаша» жеке кәсіпкерлігінің бастамасымен іргесі қаланған асхананың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова қатысты.

20230516064855_IMG_7796

- Жалпы кәсіпкерлік саласына 2012 жылы қадам бастық. Алғашында көлік жөндеу орталығын ашып, кәсібімізді бастадық. Кейін халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында асхана ашуды жоспарлап, бүгін жобаны жүзеге асырып отырмыз. Асхананың құрылысына 1 млн 700 мың теңгеден астам қаражат жұмсалды. Қазіргі уақытта екі ауыл тұрғынын жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз, - деді «Алаша» ЖК жетекшісі Нұрбол Бөкеев.

20230516064506_IMG_7790

Наурыз айында іргесі қаланған кәсіпкерлік нысанның құрылысы кәсіпкердің жеке қаржысы есебінен жүргізілген. Болашақта кәсібін кеңейту жоспарында бар екенін де атап өтті.

20230516065050_IMG_7802

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

20230516064933_IMG_7801

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале