Казталов аудандық ауруханасына ауылдық елді мекеннен 1979 жылғы әйел адам келіп түсті. Түскен кездегі шағымы: үлкен дәретке отырған кездегі қатты ауырсыну, сол орынның дискомфорты, кей кезде әлсіздік.
Өзінің айтуы бойынша жоғарыдағы шағымдар 18 жыл бұрын бала босанғаннан кейін пайда болған. Соңғы кездері аталған шағымдар күшейген. Облыс орталығында проктолог мамандарға қаралып, оперативтік ем тағайындалған. Диагноз: Созылмалы комбинирленген геморрой 3–4 сатысы.
"Денсаулығыма отбасы жағдайына байланысты көп көңіл бөле алмағанмын. Бірақ қатты мазалағасын аудан мамандарына келіп, тексерістен өтіп ота жасатуға келістім"- деді науқас.
Аудандық ауруханамызда соңғы уақытта мұқтаж науқастарға жедел және жоспарлы түрде әртүрлі оталар орындалады. Мақсаты - аудан халқына қолжетімді медицина және медициналық көмектің сапасын арттыру. Ота жасалғаннан кейінгі науқас жағдайы бірқалыпты. Бел-жұлын аймағы анестезиясы арқылы науқасқа Миллиган Морган әдісі бойынша геморроидэктомия отасы жасалынды. Ота міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында жасалды.
?⚕️Ота жасаған: дәрігер-хирург- проктолог З.Ж.Сәткеш;
?⚕️Ассистент: дәрігер-хирург З.Д.Шатаева;
?⚕️Анестезиолог: дәрігер-анестезиолог-реаниматолог А.А.Сапаров;
Аудан халқына тегін хирургиялық, проктологиялық кеңес алу үшін ауруханамыздың кез келген учаскелік дәрігеріне хабарласа аласыз.