21.09.2022, 12:16
Оқылды: 58

Аудан халқына тегін хирургиялық оталар жасалуда

Казталов аудандық ауруханасына ауылдық елді мекеннен 1979 жылғы әйел адам келіп түсті. Түскен кездегі шағымы: үлкен дәретке отырған кездегі қатты ауырсыну, сол орынның дискомфорты, кей кезде әлсіздік.

2

Өзінің айтуы бойынша жоғарыдағы шағымдар 18 жыл бұрын бала босанғаннан кейін пайда болған. Соңғы кездері аталған шағымдар күшейген. Облыс орталығында проктолог мамандарға қаралып, оперативтік ем тағайындалған. Диагноз: Созылмалы комбинирленген геморрой 3–4  сатысы.

"Денсаулығыма отбасы жағдайына байланысты көп көңіл бөле алмағанмын. Бірақ қатты мазалағасын аудан мамандарына келіп, тексерістен өтіп ота жасатуға келістім"- деді науқас.

Аудандық ауруханамызда соңғы уақытта мұқтаж науқастарға жедел және жоспарлы түрде әртүрлі оталар орындалады. Мақсаты - аудан халқына қолжетімді медицина және медициналық көмектің сапасын арттыру. Ота жасалғаннан кейінгі науқас жағдайы бірқалыпты. Бел-жұлын аймағы анестезиясы арқылы науқасқа Миллиган Морган әдісі бойынша геморроидэктомия отасы жасалынды. Ота міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында жасалды.

?‍⚕️Ота жасаған: дәрігер-хирург- проктолог З.Ж.Сәткеш;

?‍⚕️Ассистент: дәрігер-хирург З.Д.Шатаева;

?‍⚕️Анестезиолог: дәрігер-анестезиолог-реаниматолог А.А.Сапаров;

Аудан халқына тегін хирургиялық, проктологиялық кеңес алу үшін ауруханамыздың кез келген учаскелік дәрігеріне хабарласа аласыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале