24.04.2024, 10:17
Оқылды: 134

Ауданда кітап шығарғандар бар

Ауданда да бірқатар әдебиет өкілдері бірнеше еңбектерін жазып, оқырман қауымға жолдаған. Олардың қатарында поэзия тақырыбында қалам тербеген, тарих қойнауындағы ақпараттарды "тірілткен" жандар бар. Олар бірнеше кітап жазып, еңбек еткен.

WhatsApp Image 2024-04-24 at 11.07.08 (1)

Қуанышқали Ғұсманов "Бумакөлім − тал бесігім", "Өткен күнде белгі бар" атты еңбектердің авторы. 1936 жылы 1 шілдеде Бөрлі ауданы, Бумакөл ауылында, Тельман атындағы колхоздың Жәнібек селолық советінде, қазіргі Бумакөл селолық округінде дүниеге келген. 1984 жылдары Жымпиты ауданы, «Қызыл ту» газетінің Қаратөбе, Шыңғырлау, Жымпиты аудандары бойынша меншікті тілші болып жұмыс істеген. 1993-1994 жылдары Бөрлі аудандық «Достық үні» газетінің редакторы, 1994 жылы мамыр айынан бастап «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» газетінің редакторының орынбасары қызметін атқарған. Қуанышқали Қабдошұлы Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі.

WhatsApp Image 2024-04-24 at 11.04.53

Қолөнерші, ауданның ақын анасы Дәмелі Құсайынқызы "Қолтаңба", "Із", "Әке" және "Мұра", "Жан жарығы" атты кітаптардың авторы. Ақын Дәмелі Құсайынқызы 1938 жылы Сырым ауданындағы Жосалы ауылында дүниеге келген. Он саусағынан өнер тамған іскер жанның ақындық қасиеті де бар. Бүгінде ауданның ақын анасының еңбектері кітапханалар төрінде сақтаулы.

WhatsApp Image 2024-04-24 at 11.05.26

Дариға Нұрашева 1964 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Орал қаласындағы А.Пушкин атындағы педагогикалық институтында қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім алып, ұстаздық еңбек жолын Қаратөбе ауданындағы орта мектептен бастаған. Бала кезінен өлең атты өнерге қызығушылығымен ерекшеленген жан түрлі тақырыпта қалам тербеп келеді. Қазіргі таңда ақынның "Балауса", "Гүл сезім", "Ақ қайың" және "Өлең - өмір гүлзары" атты кітаптары бар. Дариға Кеңесбайқызы ҚР жазушылар одағының мүшесі.

WhatsApp Image 2024-04-24 at 11.06.42

Мұхтар Боқайұлы Боқаев Шешенстанда туған. 5 жасында Қазақстанға отбасымен бірге қоныс аударған. Еліміздің оңтүстігінде ержетіп, жоғары білім алған. Жұмыс барысымен Бөрлі ауданында тұрақтап қалған. Мемлекеттік мекемелерде қызмет атқарып, аудандық мемлекеттік мұрағатты да басқарған. Әдебиетке жақын адам кітап жазып, аудармамен айналысқан. Мәскеу жазушылар одағының және Ресей аудармашылар одағының ұйғарымымен "Маяковский" орденімен марапатталған. Бөрлі ауданының құрметті азаматы болған.

WhatsApp Image 2024-04-24 at 11.06.15

Мұхитова Әсия - атақты сал Мұхиттың шөбересі. Әншілігімен, күйшілігімен,  өзі жұмыс жасаған Жымпиты өңірінде театрда өнер көрсетуімен танылған жан. Ата жолын қуып өскен Әсия Ғұбайдолла қызы композиторлық өнерден де құр алақан емес, жасынан өлең де жазады.  2007 жылы "Сағыныш" атты өлең кітабы жарық көрген.

А. Нұр,

Бөрлі ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале