4.05.2022, 17:15
Оқылды: 2

Аудандық би фестивалі өтті

Би өнері – әлемнің рухани елшісі. Би – адамның көңіл-күйіне негізделген, музыкалық ырғаққа бағынышты, түрлі қимылдар тізбегімен бейнеленетін өнер. Жуырда Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында және Халықаралық би күніне орай «Би толқынында – 2022» дәстүрлі аудандық би фестивалі өтті.

40

Би фестиваліне аудандық мәдени-демалыс орталығына қарасты мәдениет үйлері мен ауылдық клубтардың би ұжымдары қатысты. Жаңақала ауданынан Э.Валиева жетекшілік ететін республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпаздары Үлгілі «Гүлдәурен» би ансамблі, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпаздары Халықтық «Сымбат» би ансамблі (жетекшісі Л.Қанатова), облыстық байқаулардың жеңімпаздары «Сымбат» би тобы (Қызылоба ауылы, жетекшісі В.Каменова), аудандық би байқауларының жеңімпаздары «Еркеназ» би тобы (Жаңақазан ауылы, жетекшісі М.Айтқалиева), «Шалқыма» би тобы (Бірлік ауылы, жетекшісі Г.Нұрсейітова, С.Ғабдуллина), «Жұлдыз» би тобы (Қырқопа ауылы жетекшісі Ә.Сүлейменов), «Назерке» би тобы (Пятимар ауылы Б.Әбілова), «Қызғалдақтар» би тобы (Мәстексай ауылы жетекшісі Қ.Зингереева) өнерлерін көрсетті.

39

Комиссия мүшелері аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ақерке Сансызбаева, аудандық мәдени-демалыс орталығының шығармашылық бөлімінің меңгерушісі Нұржан Отарбаев, аудандық мәдени-демалыс орталығының әдіскері Нұрлан Хамзин қазылық етті.   Алғашқы болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Нұрғалиқызы бір топ өнерпазға сәттілік тіледі. Балауса бишілер еркін тақырыпта әдемі сахналық киімдерімен мың бұрала биледі. М.Азамат «Кикі мерген», А.Сейтова «Сағынбаймын» әндерімен көрерменге тәтті көңіл-күй сыйлады.

38

Шара соңы марапаттау рәсіміне ұласып, Ж.Мұсағалиевтің орындауында «Біздің елдің қыздары» әнімен және мерекелік от шашумен аяқталды.

Арайлым Айденова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале