30.05.2023, 21:25
Оқылды: 37

Аудандық мәслихаттың алтыншы сессясы өтті

Бүгін Казталов аудандық мәслихатының кезектен тыс VI сессиясы өтті.

IMG-20230530-WA0321
Кезектен тыс сессияда Казталов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 ақпандағы №44-8 «Казталов ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қаңтардағы №30-1 «Сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

20230530052239_IMG_8851 (1)
Сессияда көтерілген мәселелер бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлдария Халықова, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Мирлан Құсайынов хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімді депутаттар бірауыздан мақұлдап, қабылдады.

Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале