6.08.2024, 15:17
Оқылды: 12

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Бүгін аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезекті жиырма үшінші сессиясы өтті. Оған облыстық мәслихаттың депутаты Есқайыр Елемесов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, дербес бөлімдер мен мекемелердің басшылары, қоғамдық ұйымдардың төрағалары қатысты.

IMG_1072

Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімі Тимур Шиниязов «Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы» есеп берді. Баяндама бойынша жарыссөзге «Әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, инфрақұрылым, аграрлық, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның төрағасы Біржан Қуанәлиев, «Әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет және спорт, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық тәртібі мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның төрағасы Берік Ихсанов қатысты.IMG_1080

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Динара Әнуарова «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақы белгілеу туралы» хабарлама жасады.

Ал аудандық аурухананың директоры Сәуле Исмағұлованың «Аудандық денсаулық сақтау объектілері көсететін қызметтердің сапасын арттыру бойынша қолға алынған шаралар туралы», аудандық ветеринариялық стансаның директоры Мирболат Теміровтің «Аудандық ветеринариялық стансаның ағымдағы жылы атқарған жұмысы туралы» хабарламалары, сондай-ақ аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №15-14 «Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» №15-14 шешіміне өзгеріс енгізу туралы және аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №15-15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер комиссия отырысында қаралып, талқыланып сессия жұмысына бекітуге жолданғандықтан және шешім жобасы депутаттарға таратылып берілгендіктен, олар күн тәртібінде қаралған мәселелерді бірауыздан бекітті.

Сессияда Тимур Серікұлы алда тұрған міндеттер туралы сөз сөйледі.

Асқар Құсайынов, 

Жәнібек ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале