30.03.2023, 21:45
Оқылды: 43

 Аудандық  мәслихаттың  VIII шақырылымдағы ұйымдастыру сессиясы

Қаратөбе аудандық мәслихатының VIII шақырылымдағы  ұйымдастыру сессиясы өтті.

IMG_9725

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Жүсіпқали сессияға қатысушыларды жаңадан сайланған аудандық мәслихат депутаттарымен таныстырып, 10 халық қалаулысына депутаттық куәлік пен төсбелгі табыстады. Олардың 8-і «Аmаnat» партиясынан,  біреуі «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан ,  енді бірі «Ақжол» Қазақстанның  демократиялық партиясынан.

IMG_9683

Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев бұл сайлаудың бұрынғы сайлаулардан ерекшелігіне тоқталды. Аталмыш сайлауда бірнеше саяси партиялардан кандидаттар ұсынылғанын, аудан бойынша үш партиядан депутаттар сайланғанын, олардың ішінде шаруаның бел ортасында жүрген азаматтардың сайлануы көңілге жылу ұялататындығын айтты.

Аудандық мәслихаттың депутаттары «Аmаnat» партиясынан сайланған Амангелді Мырзағалиев пен  «Ақжол» Қазақстанның  демократиялық партиясынан сайланған Нұррлыбек Айтқалиев аудандық мәслихаттың төрағалығына  мәслихат депутаты Нұрлан Меңдешовты ұсынды. Сессияның күн тіртібіне сай аудандық мәслихаттың төрағасы болып бірауыздан Нұрлан Меңдешов сайланды.

IMG_9675

Мәслихат төрағасы Нұрлан Құмарұлы қолдап, сенім білдірген сайлдаушыларына, сессияның күн тіртібіне сай  аудандық мәслихат төрағалығына ұсынып, қолдау білдірген мәслихат депутаттарына ризашылығын айтып, сенімді ақтайтындығын жеткізді.

VII шақырылымда нәтижелі жұмыс атқарған аудандық мәслихат депутаттарының  игі істеріне ризашылығын айтып, жаңадан сайланған мәслихат депутаттарының алдағы жұмыстарына сәттілік тілеген  аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы халық қалаулыларын алғыс хатпен марапаттады.

–   Депутаттық қызметтің жүгі ауыр. Халықтың үніне қүлақ асып, олардың сенімін жауапкершілікпен атқару - өте маңызды, жауапты іс.  VII шақырылымдағы аудандық мәслихаттың депутаттары халықтың әл-аухаты мен аудан экономикасын арттрыуға өздерінің зор еңбек үлестерін қосты. Жаңадан сайланған депутаттарымыз да ауданның дамуына өз үлестерін қосады деген сенімдемін. Депуттаттық мандаттарыңыз құтты болсын, - деді аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев.

IMG_9692

Аудан әкімі Қ.Орынбасарұлы су тасқыны кезінде техникаларымен үлкен көмек көрсеткен  Аққозы ауылдық округіндегі «Нұрқанат» шаруа қожалығының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты  Қалимұрат Сариевке Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлының алғысхатын табыстады.

Аудандық мәслихаттың VII шақырылымдағы депутаты Тоқтар Омаровтың Қалдығайты өзені тасып, ауылға су кіру қаупі төнген кезде туған ауылының халқы үшін атқарған еңбегіне алғыс айтты.

Сессияның күн тәртібіндегі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамын, олардың төрағалары мен орынбасарларын сайлау және «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің аудандық депутаттық фракциясын тіркеу туралы ұсыныстар бірауыздан қабылданды.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамы, олардың төрағалары мен орынбасарлары сайланып, «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің аудандық депутаттық фракциясы тіркелді.

                                         

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале