19.01.2025, 10:00
Оқылды: 195

Аудандық мәжіліс депутаттары Янайкин ауылындағы өзекті мәселелерді талқылады

Бәйтерек аудандық мәслихат депутаттарының кезекті кездесуі Янайкин ауылдық округі тұрғындарымен болды.

IMG_20250118_222436_464
Кездесу әдеттегідей аудандық мәслихат төрағасы Нұрлыбек Хайруллинның былтыр атқарылған жұмыстар туралы есеп берілуімен басталып, халықтың көкейкесті сұрақтарына жауап беруімен жалғасты. Жиынға облыстық мәслихат депутаты Есен Сүндетов, аудандық мәслихат депутаты Думан Шанов және аудандық бөлім басшылары қатысты.

IMG_20250118_222527_438
Ауыл тұрғыны арасынан бірінші болып сөз алған Сергей Щербань былтыр спорт алаңнын көктемгі су тасқынының кесірінен салынбай қалғанын айтып, құрылыс жұмыстары қашан басталатынын сұрады. Бұл туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ерлан Тоқсамбаев спорт алаңы үшін қажет сома 48 млн теңгені құрайтынын, алайды бюджетте ондай қаражаттың жоқ екенін айтты. Ауданның бас қаржыгерінің сөзінше, екі жыл бұрын Макаровта салынған спорт алаңы 18 млн теңгеге жұмсалған. Сол себепті янайкиндіктер алаңның жобалық-сметалық құжатамасын қайта қарастырған жөн.

IMG_20250118_222458_860
Спорт саласына қатысты сауалды ардагер спортшы Қанат Әбілов одан әр жалғады. Ол ауылда спорт әдіскер маманының орыны бос тұрғанын жеткізді. Бұл туралы Нұрлыбек Қажымұратұлы аудандағы спорт саласы басшылығымен ақылдасып, жуық арада штатқа кісі алынатынын айтты.
Т.Бигелдинов ЖОББМ директоры Жасталап Сабыров мектеп чемпиондар дайындап отырған ұстахана, яғни 17 ел чемпионын, Азия чемпионытаның 7 жүлдегерін шығарғанын баяндады. Алайда мектеп ауласындағы спорт алаңның жөндеу көрмегеніне біраз жылдың жүзі болды. Жыл сайын көтеріліп келе жатқан бұл мәселені шешуге халық қалаулылары атсалысса, яғни демеуші, болмаса қажетті материалдарға қажетті құрылыс материалдарын алып беруге жәрдемдессе нұр үстіне нұр. Одан бөлек ауылдағы шағын орталыққа күрделі жөндеу қажет және мектеп балаларын таситын көлік жүргізушісінің жалақысын көтеруді қарастыру да кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Аудандық мәслихат төрағасы спорт алаңды жөндеуге қажет материалдардың қаражатын есептеп шығарып өзіне тапсыруды сұрады. Ал Сырым Бекешов су тарифының қымбат екенін, ауылішілік жолдың сапасы нашар екенін жеткізді.

IMG_20250118_222643_118
-Ауылішілік жолдарды жөндеу жоспарында Янайкин де бар. Десе де ауылішілік жолдарды жөндеуді бірінші кезекте жайлы мектеп салынып жатырған Байқоныс, Достық ауылдарына жүргіземіз. Содан соң қалған ауылдар да жүргізіледі. Янайкинге әзір бюджетте қаражат қарастырылмаған. Су бағасы туралы айтар болсақ, негізгі тарифке үкімет тарапынан субсидия берілгеннен кейін ғана тариф реттеледі. Жалпы ауылдағы өзекті мәселелер мәслихат депутаттарының назарында, олардың біртіндеп шешімін табуына ықпал ететін боламыз,-деді Нұрлыбек Хайруллин.

Салтанат Зұлқарнаева
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале