Сырым ауданында жылдағы дәстүрге сай мекеме қызметкерлері арасында аудандық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті.
Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев командаларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.
Айта кетейік, спартакиадада мекеме қызметкерлері жеңіл атлетика, арқан тарту, шағын футбол, асық ату, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, стритбол және волейбол сияқты спорт түрлерінен өзара бақ сынасатын болады.
Салтанатты ашылу рәсімінен кейін 8 команданың аяқ доп шеберлері сынға түсті.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы