4.02.2021, 17:01
Оқылды: 52

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды

Бүгін Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев тұрғындар алдында есеп беруде. Аудан әкімі есептік кездесудегі баяндамасында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды.

84471981-459E-4A55-BBDC-C6B3E14E1299

 -2021 жылдың 1 қаңтарына Жәнібек ауданының бюджетіне түскен салық пен түсімдер

7 млрд. 199 млн. 483 мың теңгені құрады.

2020 жылғы түзетілген жоспарға сай Жәнібек ауданы бюджетінің өз кірістері 375 млн. 173 мың теңгені құрады, 2021 жылдың 1 қаңтары жағдайына кассалық орындалуы 153,2% (199 млн. 446 мың теңгеге артық орындалған).

2020 жылдың аудан бюджетінің шығыс жағы 7 мрлд. 866 мың теңгеге нақтыланды. 2021 жылдың 1 қаңтары жағдайына кассалық орындалуы 6 млрд. 995 млн. 805 мың теңгені құрады немесе 99,9%.

Меншіктің бүкіл нысандары ұйымдар мен мекемелер негізгі капиталға 1 млрд. 254 млн. 500 мың теңге көлемінде (01.12.2019ж. жағдайына) инвестициялар салды.

Аудан бойынша 2021 жылдың 1 қаңтарына 1335 адам (былтырғы жылмен салыстырғанда 100,2% жоғары) жұмыс жасайтын 835 шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке – 45,4 млн. теңге көлемінде (100,0%) түсімдер түсті. Жыл ішінде 19 өндірістік цехтармен – 56,8 млн. теңге көлемінде жұмыстар жасалып (100,4 %), жаңадан іске қосылған кәсіпкерлік нысандардың арқасында 189 жаңа жұмыс орындары ашылды (65,3%), - деді А.Сафималиұлы.

А.Есіркепов,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале