17.04.2024, 22:00
Оқылды: 48

Әуе десантшыларына рух берді

Теректі ауданының Подстепный ауылында қарғын суға қарсы тұру шаралары күн сайын күшеюде.

image-17-04-24-07-14-5

Қар суының қауіпі төніп тұрған Жағалау көшесіне Талдықорған қалалық №18404 бөлімшесінің әскери қызметкерлері мен құтқарушылар құм-топырақты қаптармен бекітіп жатыр.

image-17-04-24-07-14-6

Сапта тұрып қызмет етіп жүрген қызметкерлердің рухын көтеру үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша әуе десантшылар бірлестігінің төрағасы Марлен Иманғалиев келді. Десантшыларды бір мақсатта жұдырықтай жұмылуға шақырды.

image-17-04-24-07-14-3

- Ел басына қиын күн туған сәтте Теректі жұртының жанынан табылғандарыңызға мың алғыс. Сіздердің ел үшін жасап жатырған істеріңіз оң нәтижесін береді деп сенеміз. Елде тыныштық болсын деп тілейміз. Әуе десантында қызмет ету мақтаныш. Сіздердің қызметтеріңізге абырой тілеймін, - деді өз сөзінде Марлен Ығылманұлы.

image-17-04-24-07-14

Әуе десаншыларымен бірге ән шырқап, жалынды сөздер айтқан бірлестік төрағасына және көмек көрсетіп, тынып таппай жүрген жандарға Аудан атынан ішкі саясат бөлімінің басшысы Рауан Сатыбалдиев алғысын білдірді.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы 

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале