Сырым аудандық полиция бөлімі Жымпиты ауылдық округінде “Аулалардағы қабылдау” акциясын ұйымдастырды.

Мақсат - полиция қызметін қолжетімді ету, қоғамдық тәртіп пен қылмысқа төзбеушілікті халықтық іске айналдырдыру.
Түске дейін аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Бақтығали Кужахметов Жымпиты ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының алдында қабылдау өткізді.
Полиция бастығымен жолыққан тұрғындар автокөлік жүргізу талаптарын бұзғаны үшін төленетін айыппұлдар, шетелдік көліктерді тіркеу және жасөспірімдердің мотокөліктерді тізгіндеуі секілді мәселелерді көтерді.

Ешкім балалардан өмірдің игіліктерін қызғанбайды. Бірақ, мотоцикл жел бітіріп, бейнетке тап болып жатқан бозбалалар аз емес. Әзірге дене жарақаттарымен құтылуда. Өмірге төнген қауіпті ешкім жоққа шығармайды.
Бақтығали Кужахметов алаяқтықтың да асқынып тұрғанын айтып, тұрғындарды танымайтын жандармен сөйлеспеуге, желілердегі арзан тауар туралы жарнамаларға сенбеуге шақырды.
Айта кетейік, алаяқтық бойынша жыл басынан бері ауданда 6 қылмыс тіркелген.
Б. Шерім,
Сырым ауданы