31.05.2021, 15:56
Оқылды: 42

Ауру беті қайтқандай

Бәйтерек ауданында эпидемиологиялық ахуалды қадағалау мен карантин ережелерін сақтау нәтижесінде ауру жұқтырғандар саны азайып келеді. Бұл алдыңғы айлардағы көрсеткішпен салыстыру нәтижесінде анықталған. Covid-19  дертін жұқтырғандар тұрақты ем алып, жаңадан ауырғандар саны кеми түскен, сондай-ақ вирусқа қарсы екпенің де оң әсері байқалуда екен.

5A7E2363-F817-4E62-9F97-493CB54A13C6

Бұл жайында аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев баяндап өтті. Оның айтуынша, соңғы статистикамен салыстырғанда ауданда 390 азаматтан індет белгілері байқалған. Олардың 280-ні симптомды, 110-ы симптомсыз науқастанғандар көрінеді.

-Қазіргі таңда 56 науқас ауруханада ем алып жатса, ал қалған 334-і үй карантиніне жабылған. Дегенмен де, жағдайдың тұрақталуына қарамастан вирустың қайта өршіп, басқа да аймақтарға таралуын алдын алу мақсатында сақтық ережелерін қатаң сақтаған абзал,- дейді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале