Халықтың әл ауқаты мен тұрмыс-тіршілігі денсаулық сақтау саласына тікелей байланысты. Өңірде тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету бағытында келелі істер жүзеге асып жатыр. Бұл істе Бөрлі ауданындағы ірі кәсіпорын КПО б.в. компаниясы қалыс қалып отырған жоқ.
Нақтырық айтсақ, 2020 жылы «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясы мен Бөрлі аудандық ауруханасы медицина саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бес жылға бекітілген құжат бірнеше бағыттан тұрады. Олар аудан және шетелдегі дәрігерлер арасындағы өзара қарым-қатынасты, ынтымақтастықты нығайту, мекемені медициналық жабдықтармен жарақтандыру және тәжірибе алмасу.
Бөрлі ауданы әкімдігі, аудандық аурухана мен жергілікті кәсіпорын арасындағы бірлескен нәтиженің арқасында аудандық аурухананың материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. Компания бұған дейін аудандық ауруханаға медициналық жабдықтарды, өкпені жасанды дем алдыру функциясы бар наркоз аппараттарын, компрессорларымен бірге анестезиологиялық құралдарды сыйға берген еді.
Аудан медицинасы замауи жабдықтармен қатар, жедел жәрдем көлігімен де толықты. Тұрғындарыға жедел әрі сапалы қызмет көрсету бағытындағы КПО компаниясы 2020 жылы ауданға екі жедел жәрдем көлігін сыйға тартқан еді.
Әлеуметтік жауапкершілікті жете сезінген кәсіпорын бүгін аудандық ауруханаға жаңа реанимобиль сыйлады.
Айым Нұрғалиева,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz